Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев Токио Олимпиадасында бақ сынайтын балуандар тізімін жариялады.

Отандық еркін күрес шеберлері төртжылдық додасында бес салмақ дәрежесінде белдеседі деп хабарлайды Olympic.kz.

Токио Олимпиадасында еркін күрестен төмендегі балуандар ел намысын қорғайды:

57 келі: Нұрислам Санаев (Ақтөбе облысы)

65 келі: Дәулет Ниязбеков (Қызылорда облысы)

74 келі: Данияр Қайсанов (ШҚО)

97 келі: Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы)

125 келі: Юсуп Батырмұрзаев (Ақтөбе облысы)