Еуропа чемпионатының топтық кезеңдегі Финляндияға қарсы кездесуде есінен танып қалған Дания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен есін жиды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы кездесудің 43-минутында көгалға құлады. Дәрігерлер алаңға жүгіріп шығып, Эриксенге алғашқы көмек көрсетті.

УЕФА Эриксеннің есін жиғанып, жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді. Ол жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.