«Барселона» «Интердің» шабуылшысы Лаутаро Мартинесті сатып алудан әлі дәмелі. Каталониялық клуб футболшының трансфері жөнінде келіссөзді қайта бастаған.

Каталондық клуб «Интерге» футболшы үшін 80 миллион еуро және «Бетисте» жалда ойнаған қорғаушы Эмерсон Апаресидоны беруге әзір екенін жеткізген.

Бұған қоса «Барселона» Лаутаро Мартинестің агентімен келіссөз жүргізіп, жылына 12 миллион еуро жалақыға келіскен.

Айта кетейік, Лаутаро Мартинес биыл Италия чемпионатында 17 матчқа қатысып, тоғыз гол соққан.