Аралас жекпе-жектен қазақстандық Арман Оспанов Professional Fighters League (PFL) промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өмір сабағы - бәрінде мейірімділік бар! Адамның не қалайтыны маңызды емес, бәрі жаратушының қалауымен болады», - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Еске салайық, Қазақстан уақытымен 11 маусым күні таңертең Арман Оспано UFC-дің бұрынғы файтері америкалық Крис Уэйдпен жекпе-жек өткізді. Крис екінші раундта Оспановты ауыр нокаутқа түсірді.