Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Алматыда өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда отандасымыз румыниялық Андрей Мартинды жеңді.

1 сағат 43 минутқа созылған кездесу 7:5, 6:3 есебімен аяқталды.

Қазақстандық теннисші келесі айналымда бельгиялық Зизу Бергспен кездеседі.