Қазақстандық файтер Санжар Әділовтің (6-1-1) келесі жекпе-жегі өтетін күн анықтады.

Жерлесіміз 18 маусымда Алматыда өтетін EFC 37 турнирінде өнер көрсетеді. Қарсыласы ресейлік Ильмиямин Джавадов (6-2) болмақ.

Әділов соңғы рет октагонға былтыр желтоқсанда шықты. EFC 30 турниріне ол қырғызстандық Бектурсун Кайпназарды бірінші раундта жеңген болатын.

Айта кетейік, алдағы турнирде Әділовтен басқа Жасұлан Әкімжан мен Исатай Теміров өнер көрсетеді.