Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Будапешттегі әлем чемпионатын жетінші орынмен аяқтады деп хабарлайды Olympic.kz.

90 келі салмақта сынға түскен Бозбаев жұбаныш белдесуінде швециялық Маркус Ниманға есе жіберді.

Ислам кездесу барысында үш ескерту алып, автоматты түрде жеңіліске ұшырады.

Жалпы есепте ол жетінші орынға тұрақтады.