Певтропавлда велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтеді.

13-20 маусым аралығына велоспорт бойынша төрт жарыс өткізіледі деп жоспарланған. Олар: ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты, жастар ойындары, паралимпиадашылар арасындағы Қазақстан чемпионаты және ерлер мен әйелдер командалары арасында эстафета бойынша Қазақстан чемпионаты. ⠀

Айта кетерлігі, Петропавлда соңғы рет Қазақстан чемпионаты 2015 жылы ұйымдастырылған.