Футзалдан Венгрия чемпионатының финалдық сериясы аяқталды. Шешуші сында самбатхейлік «Халадаш» пен «Береттьоуйфалу» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық серияда «Халадаш» 3:1 есебімен жеңіп, тарихында тұңғыш рет Венгрия чемпионы атанды. Соңғы матчта олар 4:1 есебімен жеңді.

«Халадаш» сапында алматылық «Қайрат» АФК экс-ойыншысы Золтан Дрот ойнайды. Ол финалдағы төрт матчтың бәрінде гол соғып шықты.

«Халадаш» (Сомбатхей) – «Береттьоуйфалу» (Береттьоуйфалу) 4:1 (2:1)Серия есебі: 3:1

Фото: facebook.com/haladasvse