Өзбекстандық «Пахтакордың» спорт директоры Джафар Ирисметов Championat.asia порталына берген сұхбатында ташкенттік клубқа «АҚтөбе» шабуылшысы Игорь Сергеевті қайтарғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Игорь жазда орала ма?

— Иә, Сергеевті жазда қайтару үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ оның «Ақтөбемен» келісімшарты бар. Жағдайды бақылап отырмыз.

— Сергеевті қайтару мүмкін болмаса, басқа шабуылшы келе ме? Дердийоктің бәсекелесі болмауы оған да, клубқа да зиян келтіріп отыр.

— Игорь «Пахтакор» үшін ең дұрыс шешім деп ойлаймын, — деді Ирисметов.