Америкалық UFC промоушені қазақстандық Сергей Морозов пен германиялық Халид Таха жекпе-жегінің ресми постерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 18 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.

Еске салайық, Морозов UFC-дегі алғашқы кездесуінде Умар Нурмагомедовтен екінші раундта жеңілген болатын.