Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза дзюдодан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол лисабондық Нафис Элиасты вазари ұпайымен жеңді. Оның келесі қарсыласы болгариялық Ивайло Иванов болмақ.

Айта кетерлігі, дзюдодан әлем чемпионаты Будапештте өтіп жатыр. Татами шеберлері арасында өтіп жатқан дүниежүзілік біріншілік 13 маусымға дейін жалғасады.