Францияда бір күндік «Мон-Ванту Челлендж» веложарысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биылғы жарыстың жеңімпазы колумбиялық велошабандоз Мигель Анхель Лопес (Movistar Team) болды. Екінші орынды «Астанадағы» Оскар Родригес алса, Энрик Мас (Movistar Team) үшінші орыннан көрінді.

«Мон-Ванту Челлендж», Vaison-la-Romaine - Mont Ventoux (153 км)

1. Мигель Анхель Лопес (Movistar Team) - 4:30:04

2. Оскар Родригес («Астана») - +2:26

3. Энрик Мас (Movistar Team) - +2:33