Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Петропавлдың «Қызыл-Жардың» бұрынғы футболшысы Игорь Губанов «Ақтөбеге» ауысты.

29 жастағы Игорь Губанов - Ростов футболының түлегі.

Бұған дейін ол «Сибирь-2», «Зенит-Ижевск» және «Чайка» сияқты ресейлік клубтарда ойнаған. Беларусьтің «Торпедо» мен «Слуцк» командаларында доп тепкен.