Германия құрамасы Латвияға қарсы жолдастық кездесуде 7:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойынның 27-минутында Томас Мюллер Робин Госенстің пасынан кейін, есепті 3:0 қылған. Мюллерден бөлек бұл ойында Госенс, Илкай Гюндоган, Серж Гнабри, Тимо Вернер, Лерой Сане гол соқты. Тағы бір голды Робертс Озольс өз қақпасына салып алды. Латвиялықтар сапынан жалғыз допты Алексей Савельевс соқты.

Eurosport мәліметінше, ЕУРО-2020 турниріне шақырту алған Томас Мюллер үш жылдан бері алғаш рет ұлттық командада көзге түсті. Мюллер 2018 жылдың қарашасынан бері ұлттық құрамада ойнамаған.