Қазақстан құрамасының ойыншылары Алексей Щеткин мен Дмитрий Шомко Ресейдің «Ротор» командасынан кетті.

Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет хабарлады. Оның мәліметінше, Ресейдің жоғары дивизионынан шығып қалған «Ротор» қазақстандық ойыншылармен қатар «Астананың» бұрынғы футболшысы Иван Маевскиймен қош айтысты.