Бокстан бес салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер блогер Логан Полмен жекпе-жек өткізгеннен кейін карьерасы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Чемпионат» сайтына сілтеме жасап.

«Жоқ, өткізбейтін шығармын», — деді Мейвезер тағы бір көрмелік жекпе-жек өткізуге қатысты сұраққа.

Кейін журналистер Флойдтан ресми кездесу өткізер-өткізбесін сұрады.

«Жоқ, анық», — деді боксшы.

Флойд Мейвезер мен Логан Пол арасындағы көрмелік жекпе-жек 8 раундқа созылып, жеңімпаз анықталмаған болатын.