Будапештте әлем чемпионатының финалдық кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде бір күміс медаль жеңіп алды.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол финалда ресейлік Яго Абуладзеден иппон ұпайымен есе жіберді.

Бүгін татамиге шыққан тағы бір балуанымыз Мағжан Шамшадин жарысты 5-ші орынмен аяқтады. Кіші финалда ол әзірбайжандық Карамат Хусейновтан ұтылды.