Бельгияда «Критериум Дофине» көпкүндік веложарысының соңғы кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Украиналық Марк Падун топ жарды. Екінші орынды Йонас Вингегаард иеленсе, австриялық Патрик Конрад үшінші орыннан көрінді. «Астана» командасының велошабандозы Алексей Луценко жетінші болып мәре сызығын кесті.

Жалпы есеп қорытындысы бойынша Алексей Луценко екінші орын алды.

«Критериум Дофине. Сегізінші кезең. Ла Лешер Ле Бэн- Ле Же (147 км).

1. Марк Падун ( Bahrain – Victorious) 4:06:49;

2. Йонас Вингегаард (Team Jumbo-Visma) + 1:36;

3. Патрик Конрад (BORA – hansgrohe);

7. Алексей Луценко («Астана») +2:10;

Жалпы есеп:

1. Ричард Порте (Австралия, INEOS Grenadiers) 29:37:05;

2. Алексей Луценко («Астана») + 0:17;

3. Томас Герайнт (INEOS Grenadiers)+ 0:29;