«Шахтер» украиналық шабуылшы Виталий Балашовпен келісімшарт үзілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шахтер» ФК мен украиналық шабуылшы Виталий Балашов екі тараптың келісімімен келісімшартты тоқтатты», - делінген хабарламада.

ҚПЛ-дің биылғы маусымында украиналық ойыншы 13 матчқа қатысып, 2 гол мен бір нәтижелі пас авторы атанған.