«Ливерпуль» мен «Челсидің» бұрынығы бас бапкері Рафаэль Бенитес түркиялық «Фенербахченің» тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

Түркиялық командаға чемпионат пен Еуропа лигасында жақсы нәтиже көрсете алатын тәжірибелі маман керек. 16 маусымда Бенитес келіссөз жүргізу үшін Ыстамбұлға ұшып барады.

Бенитестің кейінгі клубы «Далянь Про» болған. 2020 жылғы маусымда испан маманы жаттықтыратын клуб Қытай чемпионатында 12-орын алған. Бенитес клубтан коронавинрусқа байланысты биыл қаңтарда кеткен еді.