Швейцариялық теннисші Роджер Федерер «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналымда ол әлемнің 59-ракеткасы, неміс Доминик Кепферді 7:6 (7:5), 6:7 (3:7), 7:6 (7:4), 7:5.

Кездесу 3 сағат 39 минутқа созылды.

Келесі кезеңде Федерер Маттео Берреттимен кездеседі.

Франция ашық чемпионаты 30 мамыр мен 13 маусым аралығында өтеді. Оның қазіргі чемпионы - испандық Рафаэль Надаль.