Грузия файтері Роман Долидзе UFC Vegas 28 аралас жекпе-жек турнирі аясында аргентиналық Лауреано Старополимен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек жоспарланған үш раундқа созылды. Грузин спортшысы төрешілер шешімімен жеңді.

Долидзе үшін бұл аралас жекпе-жектегі тоғызыншы жеңісі болды. Старополи төртінші рет жеңіліске ұшырады.