Ресейлік «Урал» президенті Григорий Иванов қазақстандық футболшы Ян Вороговскийді команда қатарына қосу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Спорт-Экспресс» сайтына сілтеме жасап.

«Вороговскиймен келісімшарт жасассақ, біздің ойыншымыз болады. Қазір басқа бір нәрсе айтудың мәні жоқ. Оның не керегі бар? Бір нәрсе айтсаң, ол екі еселеп зиянын тигізуі мүмкін. «Урал» көптеген ойыншыға қызығушылық танытады, бірақ трансфер тыныштықты жақсы көреді. Әзірше бізге кім келетінін хабарламаймыз да, айтпаймыз да. 14-інде жиынға аттанамыз. Вороговский келсе - Вороговский болады деген сөз. Бұл басқа тақырып, ол туралы көп сөйлесуге болады», — деді ол.

Қазақстандық футболшы қазір еркін агент. Өткен маусымда Вороговский бельгиялық «Беерсхот» сапында 22 матч өткізіп, бір гол соққан.