Өскемендік «Торпедо» хоккей клубы шабуылшы Дмитрий Гренцпен біл жылға келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық шабуылшы туған клубында тағы бір жыл ойнайды. Өскемендік хоккей мектебінің түлегі өткен маусымда PRO Ligasy 19 матчында 13 ұпай (8+5) жинаған. Ал плэй-офф кезеңінің 8 матчында 3 (1+2) ұпай еншілеген.