Италиялық маман Антонио Конте ағылшынның «Тоттенхэм» командасының тізгініне келмейді. Бұл туралы The Telegraph хабарлады.

Қос тарап келіссөз жүргізу барысында қаржы жағынан бір шешімге келе алмаған. Оған қоса Конте лондондық клубтың болашаққа жасаған жоспарына күмәнмен қараған.

Конте осы маусымда «Интермен» Италия чемпионы атанғаннан кейін, клубтан кеткен еді.