Қазақстандық файтер Ринат Сағынтай (9-1) кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз Минск қаласында өткен BRAVE CF 51 турнирінің негізгі жекпе-жегінде беларусь спортшысы Денис Магермен (8-0) кездесті.

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жекте Магер бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, 25 жастағы қазақстандық спортшы мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Ол дебюттік кездесуін 2016 жылы өткізген. Ал бүгін Brave CF промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегіне қатысты. Денис Магерге келетін болсақ, ол мансабындағы сегізінші жекпе-жегінде жеңіске жетті және әлі жеңілген жоқ.