Қазақстандық файтер Арман Әшімов ұзақ уақыт үзілістен соң октагонға оралады.

Ол 27 маусымда өтетін TURAN ORDA FC және Alash Рride ұйымдарының бірлескен турнирінде Молдова спортшысы Михаил Сирбуға қарсы жұдырықтасады.

Айта кетейік, Арман Әшімов соңғы жекпе-жегін 2019 жылы өткізіп, бразилиялық Флавио Да Силва Сантосты жеңген еді.