Канада журналисі Джим Карас қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің Matchroom Boxing ұйымымен жұмысын тоқтатқаны жайлы пікір білдірді.

«Елеусінов әуесқойдан ауысқан соң, қазіргі күні әлем чемпионы атанады деп болжар едім. Бірақ ол әуесқойдағы жетістігін кәсіби бокста қайталай алмады. Matchroom компаниясымен жолы екіге бөлінгені таңғалдырмады», — деп жазды журналист.

Айта кетейік, Matchroom Boxing ұйымы Эдди Хирн қазақстандық тағы бір боксшы Геннадий Головкиннің промоутері.