«Барселонаның» бас бапкері Роналд Куман келесі маусымда жұмысын жалғастырады. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады.

Оның мәліметінше, клуб басшылығы маманға сеніп артып, келісімшартының соңына дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, каталониялық команда биыл Ла Лигада үшінші орын алып, Испания Кубогын иемденді. ал чемпиондар лигасында 1/8 финалда шығып қалды.