Халықаралық конькимен жүгірушілер федерациясы мәнерлеп сырғанаудан 2024 жылғы әлем чемпионаты өтетін қаланы анықтады.

Мәнерлеп сырғанаушылар додасын Канаданың Монреаль қаласы қабылдайды. Турнир 18-24 наурыз аралығында өтеді.

Айта кетелік, биылғы әлем біріншілігі Стокгольм қаласы өтсе, 2022 жылғы доданы Францияның Монполье, 2023 жылғы жарысты Жапонияның Сайтама қаласы ұйымдастырады.