Қазақстандық файтер Ринат Сағынтай BRAVE CF промоушені аясында беларусь спортшысы Денис Магермен өтетін жекпе-жегі алдында көз түйістірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сағынтай – Магер жекпе-жегі 4 маусымда Минскіде өтетін BRAVE CF турнирінің негізгі кездесуі саналады. Жекпе-жек алдында екі спортшы да салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.