Қазақстандық файтер Жасұлан Әкімжан (6-2) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы Алматыда 18 маусымда өтетін EFC 37 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы ресейлік Роман Авдал (15-8) болады. Бұл жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта (65.8 кг) өтеді.

Айта кетейік, Әкімжан қатарынан екі жекпе-жекте жеңіске жеткен. Кейінгі рет файтер биыл ақпанда октагонға шығып, Олег Петеримовті төрешілер шешімімен жеңген болатын. Ал Роман Авдал былтыр қазанда кездесу өткізіп, Заур Касумовтан басым түскен.