Шабуылшы Владимир Волков «Сарыарқа» сапына оралды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 жастағы Волков - қарағандылық хоккей мектебінің түлегі. Қазақстан чемпионатында 2015/16 жылғы маусымнан бері ойнайды.

Кейінгі клубы «Алматы» болып, өткен маусымның 40 матчында 18 (16+2) ұпай жинаған.