Су добынан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдеріне коронавирусқа қарсы вакцина егілді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ҚР ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Ойыншылар мен команда мүшелері Sputnik-V вакцинасының бірінші компонентін алды. ҚР ҰОК баспасөз қызметі вакцина салу барысынан видео жариялады.