Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Роман Старченко әлем чемпионатымен қоштасқаннан кейін командасына алғыс айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жігіттер, ӘЧ үшін рақмет. Сендер тарихтағы үздік командасыңдар. Қолдау көрсеткендерге рақмет», — деп жазды Старченко Instagram-парақшасында.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ригадағы әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмаған еді.