Бокстан Дубайда аяқталған Азия чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл финалдағы жеңілісіне қатысты өз пікірін білдірді деп жазады Olympic.kz.

"Төрешілердің шешіміне қатысты ештеңе айта алмаймын. Себебі, мен шаршы алаңда болдым. Егер жекпе-жекті сырттай тамашалаған болсам, бірдеңе айтар ма едім. Бар кінәні өзімнен іздеймін.

Әсіресе, бірінші раундта қарсыласымды күтіп, көп жүріп қалдым. Қорытынды есепке соның әсері болған сияқты", - дейді Әбілхан.

Финалда Әбілхан Аманқұл өзбекстандық Саиджамшит Жафаровтан ұтылған болатын.