Prosports.kz сайтына мәлім болғандай, «Ордабасы» футбол клубының биылғы бюджеті кейбір БАҚ беттерінде жарияланған саннан әлдеқайда аз.

Бұған дейін отандық БАҚ шымкенттік командаға мемлекет тарапынан 3,5 миллиард теңге бөлінді деп ақпарат таратқан. Бұл көрсеткіш бойынша «Ордабасы» өзге командалардан оқ бойы озық тұруы қажет еді.

Алайда шындығына келгенде, «Ордабасының» биылғы бюджеті 1,2 миллиард теңгені құрайды. Бұл Премьер-Лиганың өзге клубтарымен шамалас.

Дегенмен шымкенттік командаға қосымша қаржы керек болары анық. Өйткені команданың көшбасшы және шетелдік ойыншыларымен ұзақ уақытқа қомақты келісімшартқа отырған. Ал бюджеттің басым бөлігі футболшылардың айлығы, жүріп-тұруы мен басқа да ұйымдастырушылық қызметтерге кететінін ескерсек, 1,2 миллиард теңге маусым соңына дейін жетпеуі мүмкін.