Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Франция ашық чемпионатының екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлесіміз «Ролан Гарростың» бірінші айналымында ұлыбританиялық Хитер Уотсонды жеңді.

1 сағат 55 минутқа созылған кездесу 6:4, 7:5 есебімен аяқталды.