Қазақстандық боксшы Серік Мұсәділовтің (9-0) келесі жекпе-жегі өтетін күні анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәлімет boxrec.com сайтында жарияланды.

Отандасымыз өнер көрсететін кеш Майамидегі Manual Artime Community Center Theater аренасында өтеді. Қарсыластың есімі қазірше белгісіз. Жекпе-жек 9 шілдеге жоспарланған.

Айта кетейік, Мұсәділов соңғы жекпе-жегін 23 мамырда өткізді. Майамиде (АҚШ) өткен бокс кешінде ол бірінші раундта америкалық Кевин Браунды (2-15, 1 КО) нокаутқа жіберді.

Осы жеңісінен кейін Серік Boxrec.com порталыныңбірінші ауыр салмақтағы рейтингісінде жоғарылап, 219-орынға жайғасты.