Бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында 54 келі салмақтағы финалдық жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Дина Жоламан финалда өзбекстандық Ситора Шогдаровамен кездесті. Жекпе-жекте Жоламан төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, ол Қазақстанға турнирде үшінші «алтынды» әкелді: бұған дейін Алуа Балкибекова (48 кг) пен Назым Қызайбай (51 кг) өз салмақтарында чемпион атанды. .