Қазақстандық Жібек Құламбаева Шымкенттегі ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемнің 578-ракеткасы Құламбаева финалда дүниежүзілік рейтингте 1145-орында тұрған Беларусь өкілі Кристина Дмитрукпен күш сынасты.

Қазақстандық теннисші бірінші партияда 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде тіпті бет қаратпады – 6:0.

Құламбаева бұдан бұрын Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге жұптық сында да озық шыққан болатын. Сөйтіп ол турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды.