Бүгін, 29 мамыр күні хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясында кезекті кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Топтық кезеңнің бүгінгі ойынында ел құрамасы Италияға қарсы ойынайды. Аталған бәсеке елорда уақытымен сағат 15:15-те басталады.

Айта кетерлігі, Юрий Михайлис шәкірттері қазіргі таңда турнир кестесінде бесінші орында тұр. Плей-офф кезеңге алдыңғы қатарда тұрған төрт команда өтеді.