Бокстан Азия чемпионатының финалына шыққан спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дубайда (БАӘ) жартылай финалдық бәсекелер аяқталды. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасының бес спортшысы қарсыластарын ұтып, финалда жұдырықтасуға мүмкіндік алды.

49 келі: Даниял Сәбит

69 келі: Абылайхан Жүсіпов

75 келі: Әбілхан Аманқұл

91 келі: Василий Левит

91 келіден жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев