Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалдық кездесудің екінші раундында Қоңқабаев ирандық қарсыласы Пуриа Амириді нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Қоңқабаевқа берді.