Қазақстан Премьер-лигасының 14-туры матчында алматылық «Қайрат» өз алаңында қызылордалық «Қайсарға» қарсы ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Ойындағы жалғыз голды алаң қожайындары сапынан Хосе Канте соғып, «Қайратқа» жеңіс сыйлады.

Қазір «Қайраттың» 24 ұпайы бар, көшбасшысындағы «Астанадан» тоғыз ұпайға қалып келеді. «Қайсар» жеті ұпаймен турнир кестесінің соңында тұр.

«Қайрат» - «Қайсар» 1:0 (1:0)

Гол авторы: Канте 33 (1: 0)