Халықаралық мұздағы хоккей федерациясының тәуелсіз тәртіптік комитетінің шешімімен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Иван Степаненко бір матчтан аластатылды.

Тәртіптік жаза Германиямен матчтың 6-минутында Лукас Райхельге қатысты болған эпизод үшін тағайындалды. Бейнеқайталаудан кейін №124 – Бас пен мойын тұсына шабуылдау ережесінің бұзылғаны тіркелді.

Осылайша ойыншы Қазақстан – Канада матчын өткізіп, Италияға қарсы келесі ойынға қатыса алады.