«Ақтөбе» ФК шабуылшысы Игорь Сергеев Өзбекстан құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өзбекстан футбол қауымдастығының хабарына қарағанда, құрама бас бапкері Вадим Абрамов 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына шақырту алған футболшылар тізімін жариялаған. Олардың қатарында Сергеев те бар.

Қазақстан Премьер-лигасының 14 матчында шабуылшы 7 гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

ӘЧ-2022 іріктеу матчында Өзбекстан құрамасы Сингапур (7 маусым), Йемен (11 маусым) мен Сауд Арабиясына (15 маусым) қарсы ойнайды.