Қазақстан құрамасының қорғаушысы Иван Степаненко әлем чемпионаты топтық кезеңіндегі Канадаға қарсы матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚХФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық хоккей федерациясы тәртіптік комитетінің шешімімен Иван Степаненко бір матчқа шеттетілді.

Хоккейші Германияға қарсы матчтың 6-минутында Лукас Райхельге қарсы ойын тәртібін бұзғаны үшін жазаланып отыр. Оқиғаны қайта қаралғаннан кейін «Бас пен мойынға қарай шабуыл жасалды» деген баға берілген.

Осылайша, Степаненко Қазақстан - Канада матчына қатыспайды. Бірақ 29 мамырда Италияға қарсы ойнай алады.