Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер командасы жарысты жалғастырып жатыр, деп жазады Olympic.kz.

54 келідегі Дина Жоламан үндістандық қарсыласы Сакшиге есе жіберіп, құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Ал 57 келіде сынға түскен Владислава Кухта тағы бір үндістандық боксшы Жасейминмен жұдырықтасқан болатын. Тартысты жекпе-жекте Кухта жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Бұған дейін Алуа Балқыбеова (48 келі) мен Назым Қызайбай (51 келі) ақтық сынға өткен болатын.